Қазақстан Республикасы Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдәбеков Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде елімізде азық-түлік бағасының өсуіне не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Бағаның өсуі- маусымдық фактор. Яғни, сақтау шығындарының өсіп, қорлардың азаюы әсер етіп отыр. Сонымен қатар, қазір өнімдер Өзбекстан мен Пәкістаннан әкелінуде. Бұл да бағаның өсуінің бірден-бір себебі болып табылады. Құрғақшылық салдарынан сиыр, тауық еті, сүт өнімдері мен жұмыртқа бағасы да қымбаттамай қоймады,-дейді Айдар Әбілдәбеков.
Азық-түлік бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін елде картоп, май, ірі және ұсақ малдың экспортына шектеулер енгізілді. Сондай-ақ, Үкімет ішкі нарықтағы бағаны ұстап тұру үшін қант пен астықты экспорттауға тыйым салды.
Фото: ашық дереккөздерден