Із-түссіз жоғалған қыздың ата-анасы полицейлерге 13 сәуір күні хабарласқан. Жасөспірімді іздеу үшін учаскелік инспекторлар, ювеналдық полицейлер, патрульдік полиция мен жедел уәкілдер жұмылдырылды. Жоғалған қызды бүгін таңертен учаскелік полиция инспекторы тауып алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Анықталғандай, кәмелетке толмаған бала тоңғасын, кездейсоқ бір әйелдің үйінде түнепті. Айтуынша, таң атқасын туыстарына хабар бермек болған.
-Баланы ата-анасына аман-есен табыстадық. Профилактикалық сипаттағы әңгімелесу жүргізіліп, жауап алынды. Психолог маман жұмыс жүргізуде. Ересектерден балаларына бас-көз болуларын сұраймыз. Балалардың бос уақытына, тәртібіне назар аударған жөн, — дейді Петропавл қалалық ПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы Эльмира Абушева.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен