СҚО-да халал шұжықтан шошқа ДНК-сы табылды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО бойынша Ұлттық сараптама орталығының мамандары Ресейде әзірленген сиыр консервілері мен жартылай ысталған «Мусульманская» шұжығынан шошқаның ДНК-сын тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Департамент өкілдері наурыз айында халық тұтынатын тауарлар сапасының мониторингі аясында сатылымдағы ет өнімдерінен 38 сынама алған-ды.

Зерттеу барысында Башқұртстан республикасы «Павлов А.С.» ЖК-нің жартылай ысталған «Мусульманская» шұжығы, «Стандарт» Курганский мясокомбинат» ЖШҚ-ның «Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті» және «Орелпродукт» АҚ-ның «Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті» консервілеріне шошқа еті қосылғаны анықталды
Ұлттық сараптама орталығы СҚО филиалы мамандарының айтуынша, өндірушілер тамақ өнімдерін таңбалау бойынша да бірқатар заң бұзушылықтарға жол берген. Соның ішінде заттаңбада көрсетілген сипаттамалар іс жүзінде құрамымен сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz