Майданда қаза тапқан жауынгердің туған-туыстары іздестірілуде

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві Ұлы отан соғысында қаза тапқан Айтмұқан Надырбаевтың туыстарын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жауынгердің жақындарын іздеуге Ресей Федерациясының тұрғыны Валерий Черных өтініш білдірген. Оның атасы Григорий Черных Айтмұқан Надырбаевпен бірге 1942 жылдың 13-ші желтоқсанында Ресейдің Ржевск маңындағы Литвиново ауылында болған шайқаста қаза тауып, сонда жерленген.

Облыстық архив мамандарының мәліметінше, Валерий Черныхта Айтмұқан Надырбаевтың жеке ісі, соғысқа дейін қайда жұмыс істегені туралы мәлімет және фотосы бар екен. Айтмұқан Надырбаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі Уәлиханов ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына дейін өңірімізде басшылық қызмет атқарған. Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында да еңбек еткен. Әскерге Уәлиханов ауданынан аттанған.

-Бүгінгі күні біз өзіміздің қолымыздағы құжатарды қарастырдық. Одан кейін аудан архивтерінде де іздеу жүргіздік. Туыстарын іздестірдік, бірақ әзірше таба алмай отырмыз. Әйелінің аты Хадиша. Туыстары болса, бізге 46-48-19, телефон номеріне хабарласса, жұмысты жалғастырамыз, -деді Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова.

Скриншот: Qyzyljar TV сюжетінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz