Петропавлдағы автобустардың бағыты мен келу уақытын көрсететін электронды тақталар мүлдем істемейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі, «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Қыруар қаржыға орнатылған ақпараттық тақтайшалар Петропавлда 2018 жылы пайда болды. Бұрын мұнда ауа температурасы, автобустардың жүріп-тұру уақыты көрсетіліп тұратын. Алайда, тұрғындар қуанышы ұзаққа созылмады. Қазір экрандардың көбі мүлдем істемей тұр.
Заманауи қондырғылар қаладағы 31 аялдамаға орнатылды. Әрқайсына бюджеттен бір жарым млн. теңге бөлінген.
-Қазір бізде техникалық тексерістер жүргізіліп жатыр. Соған байланысты алдағы уақытта оларды әрі қарай жұмыс істеуіне қанша қаражат керек және қандай компания онымен айналысатыны жайлы жаңағы конкурс байқау жарияланатын болады,-деді қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтолла.
Фото: 24.kz