СҚО-да көпбейінді ауруханаға «мина» қойылды

Авторы: Qyzyljar News

Бүгін, 15 сәуірде белгісіз адам көпбейінді облыстық ауруханаға қоңырау шалып, жарылғыш зат қойылғанын жеткізген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің ақпараты бойынша, аталған мекенжайға ведомствоның және басқа да шұғыл қызметтердің мамандары дереу жетті.

— Полиция қызметкерлері пациенттер мен қызметкерлерді эвакуациялау үшін ғимаратты қоршауға алды. Мамандар корпустардың барлығын иттердің көмегімен сүзіп шықты. Ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілген жоқ. Операция екі сағатқа созылды»,-деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта полицейлер қоңырау шалған адамды анықтаумен айналысуда.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz