Алаяққа алданған петропавлдық жарты миллион теңгесінен айырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қаласының тұрғыны интернет-алаяққа алданып, жарты миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Желідегі «ақшаңызды еселеп береміз» деген хабарландыруға сеніп қалған Петропавл тұрғыны интернет-алаяқтың құрбанына айналды. Ол ғаламтордан  өзін қызықтырған хабарландыру тауып алып, ұсынылған сайтқа тіркелген. Алаяқ келесі күні WhatsApp мессенджеріне хабарласып, жобаға қатысу үшін 150 000 теңге салу қажет екенін айтқан. Ер адам шағын несие ұйымынан несие  ресімдеп, алған қаражатын алаяққа аударған. Көп кешікпей оған 50 доллар табыс таптыңыз деген хабарлама келген. Жеңіл олжаға құныққан ол тағы да қаражат аударған. Бірақ көп ұзамай алданғанын түсініп, «табысын» талап еткен. Алайда, алаяқтар «пайдасын» көбейту үшін тағы да қаржы салу қажеттігін айтады. Ақырында 545 мың теңгесінен айырылған ер адам полицияға жүгінді.

Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-б. «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Полиция қызметкерлері,   желідегі «қаражатты жылдам еселеудің» түрлі амалдарына, «қаржы пирамидаларынан» түскен  ұсыныстарға  сенбеу керегін  ескертеді.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz