Петропавлда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл қала тұрғындары көптен күткен жәрмеңке. Оған өңірдің 7 ауданынан тауар әкелінді. Тимирязев, Ғабит Мүсірепов, Ақжар, Есіл, Тайынша, Жамбыл, Уәлиханов және Мамлют ауданынан келген шаруалар өз өнімдерін қала базарындағылардан 20 пайыз арзанға саудалады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша қалаға 6 тонна тауар жеткізілді. 1,5 тонна сүт, 2 тонна ет өнімдері. Картоп пен көкөніс – 1,4 тонна және 220 келі бал мен жарты тоннаға жуық балық әкелінді. Алдағы уақытта осындай дел-далсыз сауда-саттықты жиі өткізіп тұрмақ.

Жалпы 2021-інші жылы Петропавлда 112 жәрмеңке өтіп, 180,5 тонна өнім әкелінген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz