Сәуірдің 24-і өңірде 13 ауыл әкімін сайлау науқаны өтті. Олардың 3-нің өкілеттік мерзімі аяқталса, қалғандарында мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Amanat», «Ақ жол» және «Қазақстан халық партиясы» партияларынан – 10, өзін-өзі ұсынған 35 үміткер, яғни барлығы 45 кандидат тіркелді. Олардың 23-і – мемлекеттік қызметкер, 12-сі – бюджеттік ұйымдардың өкілі, 1-уі – коммерциялық құрылымнан, 4-уі – уақытша жұмыс істемейтіндер, 3-уі – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 2-уі – ішкі істер органдарында қызмет еткен зейнеткер.
Әкім болып сайланғандар арасында — 5 мемлекеттік қызметкер, 2 бюджеттік ұйымның өкілі, 2 уақытша жұмыссыз, 2 өзін-өзі жұмыспен қамтушы, 1 зейнеткер, коммерциялық құрылымның 1 өкілі бар.
«Amanat» партиясынан – 7, «Ақ жол» партиясынан – 1 үміткер әкім болып сайланды, қалғандары – өзін-өзі ұсынғандар.
Сайлаушылардың белсенділігі жоғары болды, тұрғындардың 84,50 пайызы дауыс берді.