Солтүстікқазақстандық отбасы 4 бала асырап алды

Авторы: Qyzyljar News

Новоишим ауылында тұратын Жаңатуғановтар отбасы 4 баланы бауырына басты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Бүлдіршіндерді бауырына басқан отбасында шаттық пен қуаныштың лебі еседі. Жаңатуғановтар өздері қамқорлығына алған Еркебұлан, Жанеля, Раиль және Назар есімді балаларды туған перзеттеріндей жақсы көреді. Бүлдіршіндер де аналарының қасынан бір елі ажырағысы келмейді. Арайдың айтуынша бастапқыда балалар үйінен тек 1 ұлды асырап алмақ болған. Алайда, Назарды қалған бауырларынан айыруға дәті бармапты.

-Біз Назарды өзіміздің отбасымызға қосқымыз келді. Жолдасым екеуміз өз перзенттерімізді алып балалар үйіне бардық. Сол кезде ғана Назардың бауырлары бар екенін білдік. Не болса да, қалған балақайлармен кездескіміз келді. Шыны керек, қобалжу мен қорқыныш пайда болды. Біраз ойланайық деп шықпақшы болдық. Сол сәтте Раиль үлкен ұлыма: «бауырым, құшақтайыншы, енді сені ешқашан көрмеймін ғой»,-деді. Баланың бұлай айтуына оларды осыған дейін 10 шақты отбасының келіп, асырап алудан бас тартқаны себеп болған екен,- дейді Арай Жаңатуғанова.

Арай Жаңатуғанова көзі жәутеңдеп тұрған балаларды тастап кетуге қимай, төртеуін бірдей асырап алуға бел буған. Осылайша ерлі-зайыптылар бір күнде 6 баланың ата-анасы атанып шыға келді. Солтүстікқазақстандық отбасы енді алдағы жылдары жаңа үй салуға ниеттеніп отыр.

Фото: Хабар-24

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz