Облыстағы су айдындарында 800 келі балық қырылды

Авторы: Qyzyljar News

Ведомствоаралық жұмыс тобы Қызылжар ауданындағы Бугровое, Пруд көлдерінде және Тайынша ауданының Шағалалы өзеніндегі балықтардың қырылуына не себеп болғанын анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО экология департаментінің мәліметінше, жергілікті атқарушы орган өкілдері Бугровое көлінен 550 келі, Пруд көлінен 150 келі және Шағалалы өзенінен 100 келі өлген балықты жинаған.

-Балықтар су объектілерінің таяз жерлерінің ішінара қатып қалуынан қырылған. Келесіде мұндай жағдай қайталанбас үшін Қызылжар ауданындағы Бугровое мен Пруд көлдерінде мелиорациялық аулау жүргізу қажет. Жергілікті атқарушы органға осы су айдындарының жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу тапсырылды,-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Фото: СҚО экология департаменті баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz