Болат Ақшолақов: Еліміздегі газ құбырларының 75 пайызы тозған

Авторы: Qyzyljar News

Сенаттағы Үкімет сағатында Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстандағы газ құбырларының 75 пайызы ескіргенін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша Энергетика министрлігі мен QazaqGaz ұлттық компаниясының тағы бір міндеті – магистральдық газ құбырларын жаңату. Негізгі газ тасымалдау инфрақұрылымы кеңес заманында салынған және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін инвестиция қажет.

-Қазіргі уақытта бірқатар газ құбырлары толық қуатта жұмыс істейді және отандық газды ел тұтынушыларына тұрақты жеткізуді қолдау үшін жаңаларын салу қажет. Мәселен, магистральдық газ құбырларының 21 пайызы 50 жылдан астам, 50 пайызға жуығы 40 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Жалпы, 75 пайыздан астамы тозған, -деді Болат Ақшолақов.

Фото: «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz