Қазақстандықтар жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы арқылы қалаған көлігін сәуірдің соңында емес, тек мамырдың 10-ынан кейін ғана ала алады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің айтуынша, «Жасыл даму» компаниясы бағдарламаға арналған 100 миллиард теңгені әлі бөлмеген. Қажетті құжаттар дайын, қаражат келесі айдың 10-ына дейін аударылады.
Бағдарлама шартын тағы бір мәрте еске сала кетейік. Несие алғашқы жарнасыз, 4 пайыздық мөлшерлемемен 7 жылға беріледі. Сатып алынатын көлік елімізде құрастырылған болуы тиіс. Әрі құны 15 миллион теңгеден аспауы керек. Бағдарламаның ашық, әділ өтуі үшін кезекті онлайн бақылау жүйесі іске қосылады.
Depositphotos иллюстрациялық фотосы