Петропавл әуежайы тағы да аукционға шығарылды

Авторы: Qyzyljar News

Осыдан бір ай бұрын Петропавл халықаралық әуежайы кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру үшін аукционға шығарылған болатын. Мамандар мекемені 5,6 миллиард теңгеге бағалады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгінде құны белгіленген бағадан 2 есеге түсіп қалды. Әуежай небәрі 2,8 миллиард теңгеге сенімді басқаруға берілуі мүмкін. Сондай-ақ нысанды сауда-саттықтың жалғыз қатысушысына сатуға жол беріледі.

Сенімгерлік басқаруға өткеннен кейін басқарушы компания бейінді қызметін 10 жыл бойы сақтауға, мүлікті тек мақсатты пайдалануға және кәсіпорынға 1,5 миллиард теңге салуы тиіс.

Фото: ppkport.kz

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz