Жыл басынан бері СҚО көліктік бақылау инспекциясы ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға қатысты бұзушылықтар бойынша 34 хаттама толтырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Инспекция өкілдерінің мәліметінше, бірінші тоқсанда ірі көлемді және ауыр салмақты 255 автокөліктің жүруіне рұқсат беріліп, олар 12 миллион теңге төледі. Құқық бұзғандары үшін көлік жүргізушілеріне 8,1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.
— Инспекция қызметкерлері жолдарда автокөлік құралдарының салмақ және габариттік параметрлерін анықтау үшін қажетті техникалық жабдықтары бар жылжымалы бекеттерді пайдалана отырып, бақылау жүргізеді, — деді көліктік бақылау бөлімінің басшысы Рустам Меңлібеков.
Фото: ашық дереккөздерден