402
Қазақстан қор биржасында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша 27 сәуірде доллар бағамы 449,55 теңгені құрады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бір тәулік ішінде доллар 3,91 теңгеге арзандады, бір айдың ішінде америкалық валюта 34,19 теңгеге түсті.
Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды 447-448 теңгеден сатып алып, 452-453 теңгеден сатуда.
Фото: ашық дереккөздерден