Құмар Ақсақаловтың сапарынан кейін «Мичуринское» серіктестігі жұмысшыларының жалақысын 20%-ға көтеретін болды

Авторы: Qyzyljar News

Биыл Мичуринода ауылішілік жолдар жөнделеді. Бұған бюджеттен 82 миллион теңге бөлінеді. Бұған қоса аудан бойынша жоспарланған 9 жаңа су мұнарасының біреуі осы ауылға орнатылады. Осылайша Тимирязев ауданының 4 мың тұрғынын таза ауыз сумен қамту жоспарланған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Ауыл тұрғындарымен кездесудің қаншалықты маңызды рөл атқаратынына тағы бір мәрте көзім жетті. Бүгін жұртшылық «Мичуринское» ЖШС-на көптен бері көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Жергілікті билік тек тұрғындармен ғана емес, шаруалармен де кездесіп, мәселелерді көтеруі керек. Өйткені, көп сұрақ соларға байланысты. Мен бірнеше ай бұрын ауыл шаруашылығы құрылымдарының ауыл тұрғындарымен қорытынды кездесулерін өткізудің маңыздылығы туралы айтқанмын. Бүгінгі кездесу нәтижелі өтті, ЖШС басшылығы өз қателіктерін түсініп, ауылды дамыту бойынша міндеттемелер алды. Ауылдағы ағайын ауыл мен тұрғындар назарсыз қалмаса екен дейді,-деді өңір жетекшісі.

«Мичуринское» серіктестігі жұмысшыларының еңбекақысын 20%-ға өсіретінін айтты. Сонымен қатар, спорт алаңын, спорт залына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, балалар ойын алаңын орнатуды жоспарлап отыр. Ауылды абаттандыру және тазарту бойынша қоғамдық бірлестік құрылады. Әрі серіктестік Мичурино ауылына су тарату жүйесін жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлейді.

Фото: Құмар Ақсақаловтың әлеуметтік парақшаларынан

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz