Достық біздің тірегіміз: Қазақстан халқы бірлігі мерекесіне орай Петропавлда іс-шаралар өткізілуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

1 мамыр — ізгілік, достық пен  келісім мерекесі. Мейрам қарсаңында тарихи-өлкетану музейінде «Достық біздің тірегіміз» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды   Qyzyljarnews.kz тілшісі,  petropavltv.kz-ке  сілтеме жасап.

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында оқушылар мекеме қызметкерлері ұйымдастырған театрландырылған қойылымдарға қатысты. Мекеме қызметкерлері балаларға түрлі халықтардың салт-дәстүрлерінен   көріністер  ұсынды.  Балалар украин гүл шоқтарының мән-мағынасымен танысып, қытай халқының шай рәсіміне қатысты, неміс, татар және поляк мәдени орталықтарының өкілдерімен әңгімелесті.  Сондай-ақ,  қызметкерлер балаларға ұлттық ойындар мен флешмобтар ұйымдастырды. Іс-шараға қала мектептерінен  40-қа жуық топ қатысты.

— Залда мұражай қорынан алынған  ұлттық киімдер мен тұрмыстық заттар көрмесі жұмыс істеп тұр.  Мұражай қызметкерлері балаларды әртүрлі салт-дәстүрлермен таныстырады, өйткені Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Дін мен ұлтқа бөлінбей   бір-біріміздің дәстүрлерімізді құрметтейміз. Сондықтан да қазақстандықтар тату отбасы  мүшелеріндей    өмір сүреді, — дейді Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының маманы Вера Андреева.

Фото ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz