Петропавл қаласының 34 жастағы тұрғыны қаланың қақ ортасындағы жол қиылысында жүгіріп, көліктердің өтуіне кедергі келтірген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Оқиға кешкі 22.46-да, қаланың орталығындағы Жамбыл мен Абай көшелерінің қиылысында болған. Ер адам бағдаршамның қызылы жанғанына қарамастан шыр айнала жүгіріп, жүргізушілерге кедергі келтірген. Өтіп бара жатқан адамдардың бірі бұл сәтті stories-ке түсірсе, енді біреулер «102» нөміріне хабарласқан. Жедел басқару орталығының инспекторлары оқиға орнына патрульдік полиция экипажын жіберіп, тәртіп бұзушы полиция бөлімшесіне жеткізілді. Өзінің әрекетін түсіндіре алмаған оған Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы, 1-бөлімі бойынша, яғни жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін хаттама толтырылды.
Жыл басынан жаяу жүргіншілердің тарапынан 2434 құқық бұзушылық анықталды. 348 жүргізуші жаяу жүргіншілерді өткізбегені үшін жауапқа тартылды. Жалпы облыс жолдарында 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді, нәтижесінде 11 адам қаза тауып, 50 адам жарақат алды.
Фото ашық дереккөздерден.