Алдағы мереке күндері Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, қатты жел соғады. Оның үстіне найзағай түседі деген болжам бар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» өкілдерінің мәліметінше, 30-сәуір күні облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-10 градус, күндіз 12-17 градус шамасында болады.
1-інші мамырда облыстың батысы мен солтүстігінде тағы да жаңбыр жауып, күн күркірейді. Сынап бағанасы түнде 5-10 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 15-20 градус жылы болады, облыстың оңтүстігінде 23 градус жылы болады.
Мамырдың 2-сі күні түнде өңірде тағы да жауын жауып, найзағай түседі деп болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, өңірдің шығысында желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді, түнде 3-8 градусқа дейін суытады, күндіз 9-14 градус жылы болады.
3-інші мамырда жаңбыр тоқтайды. Ауа температурасы түнде 0-5 градус, облыстың оңтүстігінде үсік болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы 10-15 градусқа дейін жылынады. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады.
Фото: ашық дереккөзден