Петропавлда табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы «Бірге – таза Қазақстан» іс-шарасы аясында «Ағаш отырғыз» экологиялық акциясын өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Шараға облыстағы түрлі мекеме өкілдері, ардагерлер мен «Жасыл ел» жастар жасағының белсенділері қатысты. Мещан орманының Есіл өзені жақ бетіндегі 1 гектар алқапқа қарағай көшеттері отырғызылды.
-Бүгінгі акцияға қатысқан адамдарға алғыс айтамын. Оларға алдын-ала ағаш егу талаптарын түсіндірдік. Жас көшеттер қурап қалмайтындай етіп егудің де өз талаптары бар. Қажетті құрал-саймандар мен су, көшеттер жеткізілді. Күні ертең осы жас өскіндер жайқалып, ну орманға айналатынына, қалалықтардың сүйікті демалыс орны болатынына сенімдіміз, — деді облыстық табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бейбіт Исманов.
Жалпы акцияға 200-ден астам адам қатысты.