Тұрғын үйге мина қойылды деп жалған хабар таратқан петропавлдық бас бостандығынан айырылды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл қалалық соты қаңтардағы төтенше жағдай кезінде тұрғын үйді «миналаған» ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ер адам Пушкин көшесіндегі дәріханалардың біріндегі фармацевтке жақын маңдағы үйге жарылғыш заттың қойылғанын айтқан. Көп ұзамай полицейлер ішімдікке сылқия тойып алған қалалықты қолға түсірді. Ал мамырдың 3-і оған үкім шығарылды. Петропавл қалалық сотының мәліметінше, ұсталған тұрғын кінәсін мойындамады. Айтуынша, оны қасындағы біреулер азғырған көрінеді.

— Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқаны үшін 5 мың АЕК (15,3 млн теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Сот жеңілдететін жағдайларды анықтаған жоқ, -деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жалған сөйлеп, тұрғындарды дүрліктірген ер адам 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz