ҰҚК СҚО бойынша департаменті: Жаңа аллея – ардагерлерге сый

Авторы: Qyzyljar News

Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлері Жеңіс саябағын абаттандыруға өз үлестерін қосты. Игі шараға қатысқандар жаңа аллеяның негізін қалады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Департамент қызметкерлері бір кісідей жұмылып, Жеңіс саябағын көгалдандыруға ат салысты. Олардың бұл шараға тыңғылықты дайындықпен келгені бірден аңғарылды. Күрек және басқа да қажетті жабдықтармен қаруланған шенділер облыстың орман бақтарында өсірілген қарағай мен шыршаларды отырғызды. Жайқалған жас көшеттер қала көркіне сән беріп қана қоймай, мұнда демалуға келгендер үшін де жайлы ортаға айналмақ.

– Біздің ұжым туған қаламызды көркейту шараларынан шет қалған емес. Биыл Ұлы Жеңіс күніне орай майдангерлер құрметіне осындай іс-шара өткізуге ұйғардық. Айналамыздағы табиғатқа жанашырлықпен қарау, ортақ үйіміз – Жер ананы аялау – баршамыздың парызымыз, бұл жұмыстар алдағы уақыттарда да жалғасын таба береді. Осы араны көрікті аллеяға айналдырмақ ойымыз бар – деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкері Айгүл Букирова.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz