Петропавлдық полицейлер бірнеше мәрте интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен Павлодар қаласының 21 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті былтыр қыркүйек айында ғаламтор желісінде бір тауарды жарнамалап, сатып алушылардан алдын ала төлемді талап еткен. Осылайша 1 тұрғын 80 мың теңгесінен айырылған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні анықталып, алаяқтың ШҚО және басқа өңірлерде жасалған 15 интернет-алаяқтыққа қатысы бары анықталды.
Облыс аумағында сәуір айының соңында өткізілген «Контрафакт» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бұрын жасалған 11 интернет-алаяқтық ашылды. Интернетте тауар мен қызмет үшін алдын ала төлемді жібермей тұрып, кибер- қылмыстардың дені осындай жолмен жасалатынын ескерген жөн. Жалпы жыл басынан өңірде 279 интернет-алаяқтық тіркеліп, 77-сі ашылды.
Фото: ашық дереккөздерден