Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда зейнет жасы төмендеуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ералы Тоғжанов алдағы уақытта Қазақстанда зейнет жасын төмендету мүмкіндігі талқыланатынын айтты. Оның сөзінше, бұл мәселені қазіргі таңда тек кеншілер ғана емес, мүгедек баласы бар аналар да көтеріп жүр.
-Зейнет жасын төмендету мәселесі талқыланады. Бұл – оңай шаруа емес. Біз халықаралық тәжірибені ескереміз. Бүгінде бұл мәселені тек кеншілер ғана емес, мүгедек баласы бар аналар да көтеріп отыр. Сондықтан біз жыл соңына дейін әлеуметтік кодексті талқылаймыз. Әйелдердің зейнетке шығу жасы да қозғалатын болады,-деді Ералы Тоғжанов.
Фото: ашық дереккөзден