428
Қазгидромет мамандары 17 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Метеорологтардың мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде найзағай, дауыл соғып, бұршақ жауады деген болжам бар. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының басында қатты жел ғимараттардың бірінің шатыры мен 250-ден астам ағашты құлатып, аялдама павильонын зақымдады.