Жұмабаев көшесінің 960 метрлік учаскесінде, Чкалов пен Пионер көшелерінің аралығындағы аумақта асфальт төсеу мен басқа да жұмыстар жалғасын табуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
IKomek ахуалдық орталығында қайта құру аясында жолдың жүру бөлігін кеңейту мақсатында төрт жолақты жол салу, тротуар, кәріз желісін орнату, байланыс желілерін ауыстыру, су құбырын ауыстыру, сондай-ақ көшені жарықтандыру, екі бағдаршам орнату жоспарланып отыр. Еске сала кетейік, Жұмабаев көшесінің учаскесін жаңғырту жұмыстары 2021 жылы басталған.
Фото: ашық дереккөздерден