НЗМ оқушыларының киізден жасалған бұйымдары «QYZYLJAR ART- center» алаңына шығарылды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары ұйымдастырған көрме «Шабыт» деп аталады. Оқушылардың қолынан шыққан бұйымдар киізден жасалған. Музей алаңына көз тартар 30-ға жуық картинасы қойылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ұсынған заттардың барлығы мектеп үйірмесінде жасалған. Үйірме 2015 жылы білім ошағы ашылған алғашқы күннен жұмыс істеп келеді. Оған балалар жетінші сыныптан бастап жазылып, мектепті бітіргенше өз шеберліктерін шыңдайды.

— Оқушылар үйірмеге қызығушылықпен келеді. Бастапқыда қиынсынғанымен, бара-бара қолы үйреніп, керемет бұйымдар жасайды. Қазір көптеген оқушылардың картиналары мектеп қабырғаларын безендіріп тұр. Үздік жұмыстарды көрмелер мен конкурстарға жібереміз. Қайырымдылық жәрмеңкелерінде де балалар киізден жасалған бұйымдарын сатып, түскен қаражатты ауыр сырқатқа душар болған балалардың еміне жолдайды, — дейді қосымша білім беру педагогы Айжан Даирова.

Оқушылардың еңбектері алғаш рет үлкен көрмеге қойылып отыр. Көрмеде 7 сынып оқушысы Амина Байжомартованың картиналары да бар.

-Мен киіз басумен бір жыл бойы айналысып келемін. Мына картина – менің екінші жұмысым. Біріншісін басу әрине қиын болды. Өйткені бұл зейін мен сабырлықты қажет етеді. Техниканы жақсырақ меңгерген соң, мына картина тез жасалды. Осындай ашық түстерді қолдана отырып пейзаж жанрында картина жасадым, — деді Амина Байжомартова.

Киіз басу — қазақ халқының көнеден қолданған кәсібінің бірі. Ол ғасырлар бойы кейінгі ұрпаққа беріліп келген.
«QYZYLJAR ART- center» музей алаңына шығарылған еңбектер мамырдың 26-ына дейін тұрады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz