Айыртау ауданында сүт өңдеу және ірімшік өндіру цехын ашу жоспарлануда

Авторы: Qyzyljar News

2017 жылдан бері Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы ірі қара мал 13% — ға көбейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-2021 жылы 478 асыл тұқымды сиыр сатып алынды. Верхний Бурлук ауылында 400 малы бар «Арна» ФХ сүт-тауарлы фермасы және Прекрасное елді мекенінде 600 сиырға арналған «Әдемі Астық» ЖШС іске қосылды. Сондай-ақ, Қаратал ауылында «Норд Строй NS» ЖШС, Антоновка ауылында «Борисфен» серіктестігін ашу жоспарлануда, — деді аудан басшысы.

Ауданда сүт өндірумен «Гормолзавод» ЖШС айналысады. Өндірістің жылдық көлемі 4 мың тоннадан, сары май 1618, фета ірімшігі 1070, айраны 7000 килограмнан асады.

— «Тезис» ЖШС базасында сүт өңдеу және жұмсақ сұрыптағы ірімшік өндіру цехын ашу жоспарлануда. Қазіргі уақытта цехты жаңғырту бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша бөлінген 514 миллион теңгеге ішкі және сыртқы жұмыстар жүргізілуде», — деді Айыртау ауданының әкімі Ерболат Бекшенов.

Сондай-ақ, ол аудан бойынша орташа айлық жалақы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25% — ға артып, 179 023 теңгені құрағанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz