Уәлиханов ауданына дәрігерлер қажет

Авторы: Qyzyljar News

Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл ауылының тұрғындарының айтуынша, ауданда дәрігер тапшы. Бұл мәселе өңір жетекшісі Құмар Ақсақаловтың елді мекен азаматтарымен кездесуі барысында айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кішкенекөлдегі тұрғындар перзентхана салу қажеттігін айтады.

– Кішкенекөлдегі ауруханада жас аналарға, жүкті әйелдерге барлық жағдай жасалған. Біздің ауданда анестезиолог-ревматолог дәрігерлер жоқтың қасы. Кішкенекөл облыс орталығынан алыс орналасқандықтан, біздің ауданға жұмыс істеуге құлшыныс танытып отырған мамандар аз, – деді Уәлиханов ауданының әкімі Қайрат Пішенбаев. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аудан басшылығы жұмыс істегісі келетін жас мамандарды баспана және көтермеақымен қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz