Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы енді барлық облыста іске қосылады

Авторы: Qyzyljar News

Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы енді барлық облыста іске қосылады. Бұл туралы Сенаттағы жастарды қолдау тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Қазіргі кезде жастарға арналған өңірлік тұрғын үй бағдарламалары 3 қалада ғана, яғни Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жүзеге асырылып жатыр. Енді жыл соңына дейін басқа өңірлерде осы тектес бағдарламаны іске қосу қарастырылып отыр, — деді Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, 2019 жылдан бері жұмыс істейтін жастарға 7 мың жалға берілетін баспана берілді. 2025 жылға дейін жұмыс істейтін жастарға 12 мың пәтер беру көзделген. Жыл соңына дейін арендалық тұрғын үй беру ережесіне өзгеріс енгізіледі. Дәлірек айтқанда, жастар үшін ай сайынғы табысты растау талабы 40 АЕК-тен 25 АЕК-ке дейін (127 200 теңгеден 79 500 теңгеге дейін) төмендетіледі. Вице-Премьердің пікірінше, бұл жастардың арендалық үй алуға деген мүмкіндігін әжептәуір кеңейтеді. Бұған қоса, үкімет 2025 жылға қарай «Отбасы банктің» жинақтаушы депозиттерінің санын 500 мыңнан (250 млрд теңге) 800 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz