Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Ақжар ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-1,2 млрд теңгеге 6 ауылдың жолдарына асфальт төселеді. Ұялы, Дәуіт, Ленинградское, Талшық, Киевское, Горьковское елді мекендерінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Көкшетау-Омбы-Бостандық-Киевское жолының 57 шақырымы жөнделеді. Қызылту мен Ащыгөлге кіре беріс жол қалпына келеді.Ауыз су мәселесі біртіндеп шешілуде. Соңғы 3 жылда ауданның 13 ауылына су келді. Биыл Үлгілі, Ақсары, Баймырза, Горьковское, Ленинградское және Ұялыда жұмыстар жүргізіледі,-деді өңір жетекшісі.
Құмар Іргебайұлы 2022-2024 жылдары Ақсай, Кеңащы, Байтуыс, Коммунизм және Ақсарыда мобильді интернет орнатылатынын айтты. Сонымен қатар, биыл Қулыкөл ауылындағы мектеп жөнделеді. Облыс әкімі былтыр іске қосылған жаңа қазандықтың жұмысымен танысып, үй тұрғындарымен тілдесті.