Қазақстандағы полицейлерге бәтеңкенің орнына спорттық аяқ киім киюге рұқсат берілді. Ал әйел қызметкерлердің формасы қызметтік көйлекпен толықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазір полиция қызметкерлерінің 48 пайызы, учаскелік полицейлердің 51 пайызы жаңа формамен жүр.
-Қызметіне қарай патрульдік полицияға бөлек, сыртқы қызметтерге бөлек, учаскелік полицейлерге бөлек, басқару аппаратына бөлек дизайн мен конструкция әзірленді, — деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Шығындарды азайту үшін полковниктерге арналып елтіріден тігілген бас киімдер мен жағалар қолданыстан алынды. Ал әйел полицейлердің формасы қызметтік көйлекпен толығып отыр.
Фото: ҚР ІІМ-нен