СҚО-да 1 үйір жылқы ұрлаған қылмыскер ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

Сәуір айында Ғабит Мүсірепов ауданның тұрғынының еркін жайылымда жүрген 13 жылқысы жоғалды. Иесі өзі іздеп, нәтиже болмағасын полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Шығын шамамен 10 миллион теңгені құраған. Аудандық полиция бөлімінде іздеумен қатар, басқа да ұрлықтарды анықтау мақсатында 4 топ құрылды. Полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын сотталған аудан тұрғындарының қылмысқа қатысын тексеруге кірісіп, 1 аптадасын ұрының ізіне түсті. Ол жылқыларды «КамАЗ» көлігіне тиеп, Қостанай облысына жеткізіп, сол жақта сатпақ болғаны анықталды. Ұрлық жасады деген күдікпен бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған ауданның 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 4-бөлігі «Мал ұрлығы» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған жылқы иесіне қайтарылды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz