333
Полицияға қайғылы оқиға туралы хабар 30 мамыр сағат таңғы 5 кезінде келіп түсті. 17 жастағы қала тұрғыны оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сараптама тағайындалып, болған оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу шеңберінде анықталады.