Қазақстанда аң аулаудың жаңа мерзімдері белгіленді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар Министрінің 2022 жылғы 27 мамырдағы бұйрығымен аң аулауды жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды   Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қаз, маймаққаз, қара қазды, үйрек және қасқалдақты аулау мерзімдері Қазақстанның  өңірлеріндегі ерекшеліктеріне байланысты белгіленген. Ал  толай қоянды  1 қарашадан 31 қаңтарға дейін аулауға болады.

Құрды  аулау мерзімі 15 қыркүйектен 30 қарашаға дейін белгіленді (көктемгі аңшылық кезінде   аталықтарын 10 сәуір мен 15 мамыр аралығында күнтізбелік 15 күннен артық  аулауға рұқсат етілмейді).

Қоңыр аюды (Тянь-шань тұқымынан басқасын) қыркүйектің бірінші сенбісінен 30 қарашаға дейін аулауға болады. Көктемде 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында    15 күннен аспайтын мерзімге    аулауға рұқсат етіледі.

Фото ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz