Қазақстандықтар қайта есептелген зейнетақы мен жәрдемақыны маусымнан бастап алады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Маусым айынан бастап қазақстандықтар 1 сәуірде уәде етілген өсірілген  зейнетақы мен жәрдемақыны  ала бастайды, деп хабарлайды   Qyzyljarnews.kz  тілшісі.

Инфляцияны ескере отырып, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін ынтымақты зейнетақы  мен кейбір әлеуметтік төлемдердің мөлшері қосымша 4%-ға  индекстелді.  Базалық зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылар да сәуір айында АЕК және төменгі күнкөріс деңгейі өсуіне байланысты 4% — ға көтерілді.

Осылайша, заңға сәйкес 1 сәуірден бастап  жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін айлық есептік көрсеткіш — 3 180 теңге мөлшерінде,  ең төменгі зейнетақы — 48 032 теңге, ең төменгі  күнкөріс   — 37 389 теңге,  базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері — 20 191 теңге болып бекітілді.

Қазақстандықтар жаңадан еспетелген зейнетақы мен жәрдемақыны 2022 жылғы маусымнан бастап ала бастайды.   Шамамен 6,6 млн. төлем ұлғайтылды.

Естеріңізге сала кетейік, зейнетақылар, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер мөлшерінің кешеуілдеп өсуіне байланысты қазақстандықтар сәуір және мамыр айларына қосымша төлем күтуде.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz