Жаңа жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заңға қол қойды. Аталған заң жобасы аясында қаңтардың 1-інен бастап күнкөріс шегі, ең төменгі зейнетақы, жалақы мен жәрдемақы мөлшері де өзгереді, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгінде біздің облыс бойынша зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді 141 мыңнан астам адам алып отыр. Оның 101 мыңнан астамы – зейнеткерлер.

  –  2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ынан 70%-ына дейін, ең жоғарғысын тиісінше 100%-дан 120%-ға дейін кезең-кезеңімен жеткізу. Осы кезеңде базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51%-ға дейін артатын болады. Бұл ретте базалық зейнетақының орташа мөлшерінің жыл сайынғы өсуі шамамен 13%-ды құрап, барлық 2 млн зейнеткерді қамтиды. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табыс көлемі зейнеткер атанғандар үшін 46 АЕК-тен 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылады, —  деді Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары  Гүлбахыт Манабаева. 

Сонымен, республикалық бюджет туралы заңға сәйкес 2023 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап мынадай өзгерістер орын алмақ.

– Айлық есептік көрсеткіш мөлшері (АЕК) – 3450 теңге (2022 ж – 3180 тг);
– Ең төменгі зейнетақы – 53076 теңге (2022 ж – 48032 тг);
– Күнкөріс деңгейі (ЖМ) – 40567 теңге (2022 ж – 37389 тг);
– Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 24341 теңге (2022 ж – 20191 тг)

 

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz