Солтүстікқазақстандық санитар дәрігерлер тексерген ойыншықтардың 61 пайызы талапқа сай келмейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында санитар дәрігерлер жыл басынан бері ойыншықтардан 82 сынама алды. Оның ішінде 50-і түрлі көрсеткіштер бойынша талапқа сай келмеген. Үлгілердің 86,2 %-ы таңбалау және 13,7 %-ы — санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша.
-Талдау жүргіздік, нарықтағы талапқа сәйкес келмейтін өнімнің 28 %-ы ЕАЭО кіретін мемлекеттерден жеткізілсе, қалған 72 %-ы басқа импорттаушы елдерден жеткізілген. Соның ішінде ең үлкен үлес Қытайға тиесілі — 40 %, Ресей Федерациясы – 26 %, Өзбекстан – 12 %, Ұлыбритания – 6 %, Жапония – 2 % және шыққан жері белгісіз өнімдер – 14 %. Заң бұзушылықтар негізінен таңбалауға қатысты, көбінесе өндірушінің атауы мен орналасқан жері, импорттаушы, онымен байланысуға арналған ақпарат, шығарылған күні, ЕАЭО белгісі, таңбалау және ойыншықпен бірге орыс және мемлекеттік тілдерде берілген техникалық құжаттама болмайды, — дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің техникалық регламенттердің талаптарын бақылау бөлімінің бас маманы Әділ Құрғынбаев.
Фото: ашық дереккөздерден