СҚО-да ұйымдасқан қылмыстық топ 1,4 млрд теңгенің жалған шот-фактураларын жасаған

Авторы: Qyzyljar News

Екінші деңгейлі банктерен қаражатты жүйелі түрде қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысып келген топты Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті анықтаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, қала тұрғыны 2018-2020 жылдар аралығында қылмыстық топ құрып, оны басқарған. Қылмыстық топ бақылауындағы коммерциялық компаниялар арқылы жалпы сомасы шамамен 1,4 млрд. теңгеге шот-фактуралар жасаған.

Сот үкімімен қылмысты ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері мүлкі тәркіленіп, 5 және 6 жылға қамауға алынды. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Петропавл қалалық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz