Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерді тағайындаудың жаңа ережелерін бекітті

Авторы: Qyzyljar News

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жаңа ережелерге сәйкес, Президент мәслихаттарға ұсыныс негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімі лауазымына кемінде екі кандидат ұсынады.

Дауыс беруге қатысқан депутаттардың ішінде ең көп дауыс жинаған кандидат келісім алған болып есептеледі. Егер кандидаттар бірдей дауыс санын жинаса, есеп комиссиясы аталған кандидаттар арасында қайта дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, яғни 2022 жылдың 8 маусымынан қолданысқа енгізіледі.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz