Петропавлда жаңа бройлер құс фабрикасының құрылысы басталды. Инвестиция көлемі 2,5 млрд теңгені құрайды. Нысан бой көтергеннен кейін 80 тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұл облыста салынып жатқан осымен үшінші құс фабрикасы. Аралағаш және Новокаменка ауылдарында биыл екі құс фабрикасы іске қосылмақ.
-Біздің облыстың құс етіне деген қажеттілігі — 8,5 мың тонна. Қазір облыста 2,5 мың тонна шығаратын бір құс фабрикасы бар. 3 жаңа құс фабрикасының іске қосылуы жылына қосымша 16 мың тонна өнім алуға мүмкіндік береді. Осылайша, облыстың қажеттілігін толық жабамыз, — деп жазды Құмар Ақсақалов өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында.
Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев