Достық форумы өтті

Авторы: Qyzyljar News

Ресей Федерациясының Омбы қаласында шекаралас аймақтардың халықаралық форумы өтті. Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан және Ресейдің бірнеше аймағынан делегаттар қатысты. Біздің елден Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері барды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кездесу «Қоғамдық дипломатия – бейбітшілік жолындағы диалог» атты дөңгелек үстел отырысынан бастау алды. Жиында сөз сөйлегендер әлемді тұрақсыздық жайлаған қазіргі кезеңде татулықтың, бейбітшіліктің маңызы артқанына тоқталды. Солтүстік Қазақстан облыстық орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастының төрағасы Владимир Витченко ұзақ жылдардан бері жалғасып келе жатқан Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынас жайында сөз қозғады.

Форум аясында гала-концерт өтіп, Омбының орталық алаңында «Ресей күніне» арналған салтанатты шеру ұйымдастырылды. Солтүстік Қазақстан облысынан барған «Әлқисса» фольклорлық ансамблі мен «Томирис» сән үйі көрермендерді өздерінің өнерлерімен тәнті етті.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz