Ұлттық банк БЖЗҚ үшін 74,5 миллион доллар сатып алды

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында мамыр айында зейнетақы активтерінің валюталық үлесін кемінде 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында БЖЗҚ үшін валюта нарығында 74,5 млн АҚШ доллары сатып алынғанын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер бөлу үшін айдың басында 4 млн сатып алынды. Алдағы уақытта трансферттер Ұлттық қорға түсетін түсімдер есебінен қамтамасыз етілуіне байланысты Ұлттық қордың валюталық қаражатын айырбастау талап етілмеді, — деді Ұлттық банк төрағасы.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, биылғы мамырда жаһандық нарықтағы жағдай құбылмалы болып қала береді. Әлемдік экономика геосаяси тәуекелдер мен тұрақты жоғары инфляция аясында жұмыс істеп келеді.

Ұлттық банктің мәліметінше, халықаралық резервтер биылғы мамырдың соңында $86,5 млрд-ты құрады. Ұлттық банктің алтын-валюта активтері жыл басынан бері валюталық интервенциялар, екінші деңгейлі банк шоттарындағы қалдықтардың және сыртқы борыш бойынша төлемдердің есебінен $1,6 млрд-ақ төмендеп, $32,8 млрд болды.Ұлттық қордың активтері $53,8 млрд болды. Республикалық бюджетке 1,9 трлн теңге трансферт бөлу үшін биылғы 5 айда $2,3 млрд-қа валюталық активтер сатылды.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz