Биыл өңірде балаларға оңалту көмегін көрсету үшін бюджеттен 988,5 млн теңге бөлінді. 111,2 млн теңге коранавируспен күреске бағытталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Сондай-ақ, 2021 жылдан бастап ел Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске асырылып келеді. Нәтижесінде экстракорпоралды ұрықтандыру бағдарламасына квота 7 есе артты. Бүгінде бұл қызмет МӘМС тізіміне кіреді. Сондықтан сақтандырылған пациенттер оны тегін алады. Былтыр 217 солтүстікқазақстандық әйел аталған бағдарламаны пайдаланды. Олардың 110-ы бала сүйді. Биыл мұндай қызметті тағы 201 әйел пайдалана алады.
— Бағдарлама МӘМС жүйесі аясында жұмыс істейді. ЭКҰ-ға жолдама алу үшін тіркелген жері бойынша емханаға жүгініп, бейінді маманның тексеруінен, консультациясынан өту қажет және қорытынды негізінде республиканың клиникасында осы жоғары технологиялық қызметке қол жеткізу үшін құжаттар дайындалады, деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО бойынша филиалының директоры Лариса Гордеева.
Фото: ашық дереккөздерден