Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесті

Авторы: Qyzyljar News

Кездесу барысында Қазақстан мен Татарстанның сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын кеңейту перспективалары талқыланды. Экономиканың маңызды секторларындағы бірлескен жобаларды Қазақстан аумағында жүзеге асыруға, еліміздің зауыттарын Ресей Федерациясының өндіріс жүйесімен қатар дамытуға баса мән берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, «КАМАЗ» және «Татнефть» компанияларымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы қарастырылды. Кездесуге бұл компаниялардың да басшылары қатысты.

– Уағдаластықтарымыздың қалай жүзеге асырылып, көздеген мақсатқа қалай қол жеткізіп жатқанымызды көріп отырмын. Бәрі де бақылауда деп айтуға болады, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресеймен көпжақты қатынастарында маңызды орын алатын қазақ-татар байланыстарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Республикамен арадағы тауар айналымы 423 миллион доллар болды. Биылғы төрт айдың ішінде 143 миллион долларға жетті. Машина жасау саласындағы ірі жобалар табысты жүзеге асырылып жатыр. Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық форумы ынтымақтастықты кеңейтуге жақсы мүмкіндік береді.Өз кезегінде Рустам Минниханов Петербург халықаралық экономикалық форум аясында кездесуге мүмкіндік туғызғанына ризашылығын білдіріп, татар компанияларының қазақстандық серіктестерімен ықпалдастық орнатуына қолдау көрсетіп жатқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

– Қазақстан компанияларының Ресей нарығына Татарстан арқылы кіруге мүмкіндік алуына пайдамызды тигізгіміз келеді. Біз қолдау көрсетіп, ықпал етуге дайынбыз, – деді Татарстан Президенті.

Фото: https://t.me/bort_01

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz