Алматыда Кәкімбек Салықовтың есімі ұлықталды

Авторы: Qyzyljar News

Алматы қаласында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Кәкімбек Салықовтың құрметіне мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ескерткіш тақта Кәкімбек Салықов тұрған Уәлиханов көшесі, 137 үйдің қасбетіне орнатылды. Салтанатты шараға белгілі қоғам және мәдениет қайраткері Олжас Сүлейменов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, СҚО Шал ақын ауданының әкімі Рахат Смағұлов, СҚО әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Кемел Оспанов пен ақынның қызы Майра Салықова қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Айдарбек Сапаровтың құттықтау сөзін Кемел Оспанов зиялы қауым мен мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен өткен республикалық конференция қатысушыларына жеткізді.

– Кәкімбек Салықов ағамыз жоғары лауазымды қызметтер атқара жүріп, елге қалай қызмет етудің шынайы үлгісін көрсетті. Эпикалық дастандарымен тарихи тұлғалардың естен кетпес бейнелерін жасады. Ақынның 90 жылдығы биылғы сәуір айынан бастап Қызылжар өңірінде бірнеше мәдени шаралармен атап өтілді. Біз ардақты ағамызды айрықша мақтан тұтамыз. Оның өнері мен шығармашылығы ешқашан да ұмытылмай, барлық Қазақстан халқы сияқты Есіл өңірі тұрғындарына да мәңгі үлгі болып қала береді,- делінген СҚО әкімі Айдарбек Сапаровтың құттықтау сөзінде.

Мемориалдық ашылу салтанатынан кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Кәкімбек Салықовқа арналған кітаптар көрмесі, фотокөрме, Абай атындағы Ұлттық опера және балет театрында Құрманғазы атындағы Мемлекеттік оркестрдің сүйемелдеуімен танымал қазақстандық әртістердің қатысуымен салтанатты концерт өтті. Бағдарламада автордың өлеңдеріне арналған музыкалық шығармалар орындалды. Сондай-ақ, дәл осы күні Алматыда Бостандық ауданының «Нұр Алатау» шағын ауданында көрнекті ақынның құрметіне көше ашылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz