Петропавлда қала күні қалай тойланады

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл әкімдігінің өкілдері қала күні қалай тойланатынын айтып берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қала күні 2005 жылдан бері 10 шілде күні аталып өтеді. Биыл Петропавлға 270 жыл толып отыр. Мереке негізінен бас алаңда, мәдениет және демалыс саябағы (ескі саябақ аумағы), «Солтүстік жұлдызы» саябағы, «Динамо» стадионы мен Жеңіс саябағының аумағында тойланады деп жоспарланып отыр.

Алдымен сағат 11:00-де бас алаңда «Суйікті қала» театрландырылған концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, «Қазақстанның үздік тауары» атты өңірлік көрме өтеді. Жастар ресурстық орталығы ұлттық ойындар, фотокөрме, шағын футболдан жарыс, флеш-моб, жастар субмәдениеті фестивалін өткізбек ниетте.

Саябақта кішкентай қалалықтар үшін қуыршақ театры труппасының қойылымдары, бейнелеу өнері бойынша шеберлік сыныптары, аниматорлардың ойын бағдарламалары секілді бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар, бұл күні балаларға арналған «Петропавлдың кішкентай аруы» сұлулық пен өнер байқауы ұйымдастырылады. Бұған қоса, қала күнінде ескі саябақ аумағында «Сүйікті қала» аула ойындарының фестивалі өтеді. Жаңартылған «Динамо» стадионында теннис, волейбол, шағын футбол, баскетболдан спорттық сайыстар ұйымдастырылмақ.

Ал «Солтүстік жұлдызы» саябағында алғаш рет триатлоннан жарыс өтеді. Кеш соңында жастарға арналып DJ «Майор»-дың қатысуымен кешкі бағдарлама ұйымдастырылады. Бұл алаңда қаламыздың талантты жастары да өз өнерін паш етеді.

Фото Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz