12 маусым күні 61 жастағы қала тұрғыны жуырда сатып алған гаражындағы темір ыдыстардың бірінен гранатаға ұқсас зат тауып алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Зейнеткер «102» арнасына қоңырау шалып, қауіпті зат туралы полицияға хабар берген. Жарылғыш заттармен жұмыс істейтін техник мамандар келгенше, затты сыртқа алып шыққан. Тексеріс барысында F-1 оқу гранатасы екені анықталды.
— Жарылғыш, күдік тудыратын зат тауып алған жағдайда бірден полицияға хабарлаған абзал. Оларға тиіспей, мамандардың келгенін күту керек, — дейді облыстық полиция департаменті мамандары.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі