СҚО-да 5 айда кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы болды

Авторы: Qyzyljar News

Полицейлер солтүстікқазақстандық жасөспірімдерге жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндіруде.Мамандар оқушылармен кездесіп, жаз мезгілінде жиі болатын оқыс оқиғалар туралы баяндады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Соңғы 5 ай ішінде облыс аумағында балалардың қатысуымен 11 жол-көлік апаты тіркелді. Салдарынан, 1 бала қаза тауып, 12-сі түрлі жарақат алған. Сондықтан, бұл мәселе – ерекше бақылауда. Кездесу барысында тәртіп сақшылары балалар мен жасөспірімдер арасында нашарқорлыққа тәуелділік және шомылу маусымы мен өрт қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

-Ата-аналарды балаларының араласатын ортасына мән беріп, үйге ерте оралуын, түнгі уақытта көшеге шықпауларын бақылауға алуларыңызды сұраймын, — деді СҚО ЖПҚБ инспекторы Айгүл Кәрімова.

Жыл басынан бері кәмелетке толмаған балаларға қатысты 21 қылмыстық іс қозғалды. 1700-ден астам заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz